Жамбыл облысы бойынша 16 табиғи монополия субъектісіне ұзақ мерзімді шекті деңгейлі тариф бекітілген

Аймақ
13.07.2016, 19:05

SAM_0829Бүгін Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ұлттық экономика министірлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Қасымов Мүслім Жеңісұлы және аталған Департамент басшысының орынбасары Дүйсембиев Ерболат Еспайұлы қатысты. Брифинг барысында спикерлер тілшілердің  департамент қызметі туралы сұрақтарына жауап берді.

 - 2014 жылғы тамыз айында – Табиғи монополияларды реттеу және Бәсекелестікті қорғау екі Агенттігі қосылып, құрылған болатын. Сол себептен, Департамент тарапынан екі бағытта жұмыс атқарылып отыр ол табиғи монополяларды реттеу және бәсекелестікті қорғау салалары болып табылады. Табиғи монополия саласы туралы сөз айтсақ ол экономиканың ірі  және ауқымды бөлігі. Бүгінгі күнге Жамбыл облысы бойынша Табиғи монополия саласында 45 субъект жұмыс істейді. Олар 60 реттелетін қызмет түрін көрсетеді. Жылдың басынан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті әлемдік практикаға сүйеніп табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына бір қатар өзгерістер енгізген болатын, сол себептен  2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Комитеттің барлық аумақтық департаменттері жаңа тарифтік  саясатты бастады, - деп бастады өз сөзін Мүслім Жеңісұлы.

 Спикердің мәлімдеуінше, коммуналдық қызметтерге жалпы төлемнің квитанциясы тұтынушыға түсінікті және көтерімді болуы тиіс. Осыған байланысты тұтынушы үшін жағдайдың тұрақты болуына арналған жаңалықтардың бірі – ұзақ мерзімді тарифке көшу болып табылады. Тариф белгілеу – тоқтамайтын процесс. Ал тарифтерді өзгерту біздің міндетіміз. Тарифтерді өзгерту  дегеніміз оларды көтеру ғана емес, сондай-ақ төмендету әлде бір  қалыпта ұстау.    Ұзақ мерзімді тарифтердің моделі бойынша 5 жылға алдын ала болжам жасалады. Бұл халықтың әлсіз топтарын қолдаудың қажетті көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді.

 - Бүгінгі күнге, мемлекеттік тіркелімнің Жамбыл облысы бойынша жергілікті бөліміне енгізілген 45 табиғи монополия субъектісінің 16 субъектісіне ұзақ мерзімді шекті деңгейлі тариф бекітілген.   Жаңа тарифтік саясаттың басты мақсаты – тарифті көтеру емес, табиғи саласына инвестициялар тарту болып табылады. Осыған байланысты, инвестициялық бағдарламаларды орындау қатаң бақылауға алынды. Олар, біріншіден, коллегиально қаралады. Екіншіден, субъектілер қызметтерінің стандарттары және сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері заңнама актілерінде көзделген, - деп мәлімдеді Департамент басшысы.

Мүслім Жеңісұлының хабарлауынша, субъектінің инвестициялық бағдарлама іс-шараларын және тарифтік сметаларды орындауына жыл сайын 1 мамырдан кейін мониторинг жүргізіледі. Субъект тарифті бекіту кезінде өзіне алған  қандай да бір міндеттемені, мысалы модернизациялау мен дамытуды орындамаса – Департамент өтемдік тарифті қолданады (дамытуға жұмсалмаған қаражатты тұтынушыларға қайтарады). Мысалы, 2013 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымызда өтемдік тариф 10 субъектіге бекітілді, олардың шығындарды толық игермеу сомасы 81 млн. 792 мын теңгені құрады. Ал 2014 жылдың қорытындысы бойынша өтемдік тариф 9 субъектіге бекітілген, олардың  игермеу сомасы 158 млн. 074 мын теңгені құраған. Сондай-ақ 2015 жылды қортындылау барысында бүгінгі күнге 4 субъектіге 17 млн. 974 мын тенге өтемдік тариф енгізілді және субъектілердін инвестициалық бағдарламалардын және тарифтік сметалардын орындалуы есебін тексере отырып жобамен 100 млн.тенгеден аса өтемдік тариф 13 субъектіге енгізілетін болады.

Сонымен қатар, жылуға артық төленген ақша тұтынушыларға жыл сайын қайтарылады. Былтырғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 49 млн. 706 мың теңге қайтарылды. Мысалы: 2013-2014 жылдардың қорытындысы бойынша 4 млн. 149 мың теңге, ал 2014-2015 жылдардың қорытындысы бойынша 12 млн. 253 мың теңге қайтарылды.

- 2016 жылдың басынан бастап Департаментке табиғи монополиялар субъектілерінен қайта қарауға 15 тариф бойынша 15 өтінім келіп түсті, оның ішінде: 3 өтінім қараудан бас тартылды, 2 өтінім кері қайтарылды, 6 өтінім бойынша 6 тариф бекітілді оның ішінде: 1 төтенше реттеуші шаралар ретінде бекітілді («Тараз-су» МКК), 2 оңайлатылған тәртіппен бекітілді (қуаттылығы аз субъект ретінде) «Таза су – 2014» МКК және «Кулан су» МКК,                          2 оңайлатылған тәртіппен бекітілді (жаңадан құрылған) жаңа участік ретінде «Казсушар» РМК және «База сервис» ЖШС, 1 шекті денгейдегі тариф бекітілді («Тараз – су» МКК), 4 тариф бойынша 4 өтінім қаралуда. Сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелік тәсілдеме бағыттарының бірі болып табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері мен тарифтік сметаларын қарау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында депутаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылардың, тұтынушылардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында және Комитеттің веб-сайтында жарияланады, - деп атап өтті спикер.

Тарифтерді және тарифтік сметаларды қалыптастыру кезінде алдын ала шешімі Департамент жанындағы Сараптама кеңесінде қаралып, қабылданады. Сараптама кеңесінің құрамына депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың, «Кәсіпкерлер палатасы» одағының, «Қазэнергосараптама» АҚ, «Тараз баспасөз клубы» қоғамдық бірлестіктің, «Ардагерлер ұйымы» Тараз қалалық филиалының, «Қоғамдық қорғаушы» және «Ғасыр сапасы» кәсіпкерлерді және тұтынушыларды қорғау кеңесінің  өкілдері енгізілген.

 

Сұхбат

PhotoRoom