Шымкентте мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті

Аймақ
14.07.2016, 00:04

578659f859de7Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен  мәдени кеңестің бірінші отырысы өтті.

Өнер және мәдениет саласының өкілдері бас қосқан жиында  Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры, археолог Бауыржан Байтанаев Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы туралы тұшымды баяндама жасады.

Археолог өз сөзінде көне Шымкент қалашығына қазба жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айта келе, жергілікті әкімдіктің қаржылық қолдауымен алдағы уақытта да бұл тақырыпты тереңдетіп зерттеу керектігін айтып өтті.

Көпшілік пікірін тыңдаған шаһар басшысы тікелей Шымқала тарихына қатысты шаруаға барынша қолдау көрсететіндігін, алдағы уақытта Әлкей Марғұлан атындағы археология институтымен бірлесіп, өскелеңұрпаққа қала тарихы туралы тыңақпарат беруге дайын екендігін жеткізді.

578659abe5b0fСонымен қатар, жиынға қатысушы зиялы қауым қаламыздың рухани тұрғыдан баюы, өнер, мәдениет саласындағы жетістіктері үшін қызмет етуге әзір екендікте айтып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Естеріңізге салар болсақ, өткен жылдың қараша айында облыстық Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрында шаһарымыздың зиялы қауым өкілдерімен кездескен қала әкімі жуық  арада өзінің төрағалығымен мәдениет және өнер саласының кеңесін құратындығын айтқан еді. Әрі әр тоқсан сайын «дөңгелек үстел» басында жиналып, елдік мәселелерді кеңесетіндігін тілге тиек еткен болатын. Бұл реткі жиын әкім тапсырмасымен құрылған мәдени кеңестің алғашқы отырысы.

Сұхбат

PhotoRoom