Жамбылда шағын және орта кәсіпкерлікке төменгі пайызда несие беру мақсатында 500 млн теңге бөлінді

Аймақ
14.07.2016, 00:15

1437029252ljjl4Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелендіру мақсатында 500 млн теңге бөлінді. Мұндай келісімге бүгін «Даму» Қорының Басқарма төрағасы мен Жамбыл облысы әкімшілігінің арасында меморандумға қол қою нәтижесінде қол жеткізілді. Құжат бойынша облыс әкімшілігі мен «Даму» Қоры паритетті негізде ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және көңіл көтеру саласында қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлерге 500 млн теңге бөлді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі  8,5%. Несиенің шектік мөлшері – Тараз қаласының кәсіпкерлері үшін 100 млн теңгеге дейін, Жамбыл облысында  жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін 50 млн теңге. Несие жаңа құрал сатып алып, негізгісін жаңалауға 84 айға дейін беріледі. Айналымдағы қаражатты толтықтыруға 36 айға дейінгі мерзім көрсетілген. Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік берілетін мерзім 12 айдан аспайды.

«Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көп еместігін, яғни бар жоғы 59 мың екенін ескере отырып, арзан, қолжетімді, ұзақ мерзімге берілетін несие ұсыну арқылы олардың қатарын көбейтуіміз керек. Жылына 8,5% сыйақы мөлшерлемесімен берілетін несие – өңірдегі ШОБ өсіміне үлкен серпін болары анық»,-деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ  – бұл Ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.

Сұхбат

PhotoRoom