ОҚО-да әлеуметтік желіде мемлекеттік саясатты жүргізу тетіктері қаралды

Аймақ
14.07.2016, 20:01

13735126_572739866221140_3073734139112527895_o«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы». Шымкенттегі «Риксос Хадиша» қонақ үйінде осындай тақырыппен семинар-тренинг болып өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарға қала, аудан әкімдерінің баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

Семинар «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы» тақырыбында өтті. Жиында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген өңірімізде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ, Мемлекет басшысы жүктеген жаңа міндеттер мен "100 нақты" қадам Ұлт жоспары аясындағы шаралардың жүзеге асуы жөнінде баяндап, осы шараларды түсіндіруде әлеуметтік желілердің рөлі маңызды екенін атап өтті.

Ақпараттар ағыны тасқындаған заманда әрбір әлеуметтік желіні қолданушы қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек. Осы орайда «Әлеуметтік желінің маңызы және оны пайдалану» тақырыбында «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен әңгіме өрбітіп, өз тәжірибесімен бөлісті. «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы» тақырыбында «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Жанасыл Болатбек сөз алды. Елімізде қабылданып жатқан түрлі заңдар, қоғамдағы сан алуан мәселелердің әлеуметтік желі пайдаланушылардың назарынан тыс қалмайтынын тілге тиек еткен ол, салмақты ой, саналы пікір білдіріп жүрген қоғам белсенділерінің аз емес екенін айтты.

Одан бөлек, «Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желіде ақпарат тарату белсенділігінің рейтингін құру» тақырыбында және klout сайты туралы белгілі блогер, ОҚО Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Асхат Шотаев сөз қозғап, желілерде постты қай уақытта жариялау керек, пайдаланушыларды тартуға, репост жариялауға ынталандыру, көп лайк жинау мен13680120_572739862887807_5830629035197807519_o пікір жазуға қызықтыру сынды тиімді тұстарға тоқталды.

Семинарда белгілі болғандай, алдағы уақытта облыстық ішкі саясат басқармасының тікелей қадағалауымен өңірдегі қала, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігін жоғарылату мақсатында тұрақты рейтинг көрсетіліп отырмақ. Онда әлеуметтік желі арқылы қала-аудандарда болып жатқан маңызды іс-шаралар жарияланады, бұл өз кезегінде халықтың сауатты дүниелерді тұтынуына және нақты ақпаратпен қамтамасыз етуіне жол ашады.

Семинар қорытындысы бойынша талқыланған тақырыпқа қызу үн қосып, белсенділік танытқан қызметкерлерге арнайы сертификат табысталып, қатысушылар klout сайтына тіркелді.

Сұхбат

PhotoRoom