Шардарада 1 мың гектардан астам егістік алқабы қайта айналымға қосылмақ

Аймақ
14.07.2016, 20:17

13692708_1011813338935005_8817931531410851511_nШардара ауданындағы үш ауылдық округте ағын су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 94,4 шақырым каналды жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінге дейін оның 76,9 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 110 дана ағын су тоспаларының 61-і жаңартылды.

Бүгінгі таңда ондағы Қоссейіт ауылындағы «1-Р-2» каналында 2 эксковатор мен 1 бульдозер, Көксу ауылдық округіндегі «2-Р-1» және «2-Р-2» каналдарында 3 эксковатор, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі «РК-1» және «РК-2» каналдарында 2 эксковатор мен 1 «МТЗ-80» трактор техникалары уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Ал мемлекет тарапынан бөлінген 151 млн. теңгеге 4 мердігер компания жөндеу жұмыстарын13726784_1011813732268299_8718913825122088294_n жүргізіп келеді. 

Жұмыстардың барысын аудан әкімі А.Абдуллаев ұдайы қадағалап, ауылдық округтердегі ағын су нысандарының жөндеу жұмысына айрықша көңіл бөлуде. Тиісті сала мамандарына жұмыстың сапалы және кестеге сәйкес атқарылуын қатаң түрде қадағалап отыру тапсырылды.

Диқандар игілігі үшін жасалынып жатқан механикалық жөндеу жұмыстары шілде мен қазан айлары аралығында толықтай жүргізіліп, бітеді. Осының нәтижесінде, Шардара ауданындағы 1112 гектар егістік алқап қайта айналымға қосылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom