Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриалды –инновациялық даму және туризм басқармасының «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығының ұйымдастыруымен өңірімізге туристерді тарту мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысы туризм индустриясын дамыту ассоциациясы» және «Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасымен» бірлесе «QAZAQAir» әуекомпаниясының қолдауымен ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Ақтөбе қаласында кәсіпкерлер мен туристік бизнес өкілдеріне роуд-шоу өткізілді.
Іс-шара барысында Ақтөбе өңірінің бірқатар атқарушы органдарының өкілдерімен, туроператорлармен іскерлік кездесулер ұйымдастырылыды.
Сонымен қатар, «Қазхром» АҚ және Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіншіліктері таныстырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетін насихаттау жұмысына бесжұлдызды «Rixos Khadisha Shymkent» отелі, «Canvas», «Мегаполис», «Достык», «Шымкент» қонақүйлерінің және «Алма тау» демалыс аймағының, «Облыстық Жас туристер станциясының», Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының, ОҚО туризм индустриясын дамыту ассоциациясының және «Арай Делюкс» шипажайының өкілдері қатысты.
Іс-шара соңында, ары қарай әріптестік мақсатында туристік бизнес өкілдері арасында келісімшарттарға қол қойылды.