Шымкент қаласының әкімі өз тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Аймақ
15.07.2016, 23:13

13718564_1760459557533737_35378284352376613_nОсыдан 2 апта бұрын Қошқар ата өзені жағасындағы демалыс аймағын аралап көрген қала әкімі Ғ.Әбдіраxымов шаһар тұрғындары үшін ыңғайлы, қолжетімді тынығу орынын жасауға тапсырма берген болатын. Бүгін, сол жөндеу жұмыстарын тескеріп шығып, Әл-Фараби аудан әкімдігі мен тиісті салалық бөлімдерге қосымша тапсырмалар берді. 
Тапсырмаға сай екі апта уақыт ішінде өзен жағалауында демалушыларға қажетті құрылғылар орнатылып, жағалаудың сәні кіре бастады. Қалалықтар шілденің шіліңгір ыстығында мұздай тұнығына шомылатын Қошқар ата өзені жағалауына қолайлы шарт-жағдай жасап берген қала басшысына алғысын білдірді.

Салқын судан жанына сая іздеп келгендер таза және талапқа сай аумақта демалуы тиіс. Қошқар ата аумағын13669230_1760459670867059_1156721589852359210_n аралап көрген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жауаптыларға осындай міндет жүктеді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы  аталған аумақта орындықтарды тағы біраз көбейтуді тапсырды. Бұдан бөлек қауіпсіздікті қамту үшін полиция бекетін орнату керек деп баса айтты.

 

Сұхбат

PhotoRoom