ОҚО-да жүлде қоры 2 млн. болатын бизнес-идеялар байқауы жарияланды

Аймақ
16.07.2016, 16:37

13658965_1012857398830599_8952376542133768666_nОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қала әкімдігінің қолдауымен, «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп жастар арасында «INNOVATION-2016»бизнес-идеялар байқауын жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты әлеуметтік   тұрғыдан   маңызды   болатын,   озық  технологияларды елдің әлеуметтік-экономикалық  өміріне  ендіре отырып, жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау болып табылады.

Бизнес-жобалар байқауында қатысушылар іріктеліп,  оның жүлдегері олардың бизнес-идеяларын таныстыруы мен жобаның әлеуметтік маңыздылығын, жаңашылдығын аша отырып қорғауының негізінде анықталады.

Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік деген 10 жобаға 2 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталмақ. Сонымен қатар, әр бір бизнес-идеяға құны 200 мың теңге болатын сертификат үлестіріледі.  13658912_1012857532163919_8178260206360544362_n

Байқауға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Конкурсқа өтінімдер 15-25 шілде аралығында қабылданады.

Бүгінгі таңда «Innovation» бизнес идеялар марафонына ең үздік идеясы бар 200-ден аса  жас стартаперлердің қатысуы күтілуде.

Толығырақ ақпаратты, сонымен қатар байқау туралы ережелерді www.kasipmektep.kz сайтынан танысып алуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom