ОҚО диқандары бүгінге 600 мың тоннаға жуық көкөніс пен бақша өнімдерін жинаған

Аймақ
18.07.2016, 14:43

indexОңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын терім науқаны басталды. Бүгінде облыста көкөніс, картоп, бақша дақылдарының жиыны басталды.  Қазіргі таңда диқандар 350 мың тонна көкөніс, 120 мың тонна картоп, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинады. Олар өздерінің өнімдерімен еліміздің барлық өңірлерін қамтып, артық өнімдерді Ресей мемлекеті мен солтүстік облыстарға жөнелтуде.

 Аграрлы аймақта осы жылы көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал  бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген.ON-AGRO_LOGO

 Жоспар бойынша жыл соңына дейін 890 мың тонна көкөніс, 1,4 млн. тонна бақша, 256 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде.

Ал жеміс дақылдары мен жүзімнің барлық егіс көлемі 31 мың гектарды құрайды. Оның ішінде жеміс дақылдары 20,6 мың гектар болса, жүзім 10,4 мың гектар. Биыл осы егістен 110 мың тонна жеміс-жидек пен 63 мың тонна жүзім жиналады деп жоспарлануда. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда жүзім бойынша 22 мың тоннаға, жеміс бойынша 49 мың тоннаға артық өнім алынады.

Бүгінгі таңда облыс шаруалары 14 мың тонна жеміс жинап отыр. Оның басым бөлігі өзге мемлекеттерге экспортталуда. Ал осы жылы Мәскеудің нарығымен қоса, Иваново және Екатеринбург қаларының нарықтары біздің кәсіпкерлерімізге ашылып отыр.

Осылайша шаруаларымыздан аталған қалаларға жүзім, жеміс және бақша өнімдері жөнелтілді. Сондай-ақ, жеміс өнімдерін сату бойынша Ресей мемлекетінің Алтай өлкесімен келісім шарт жасалып, жуық арада жөнелтілетін болады.

Экономикамыз ауыл шаруашылығына бейімделген өңірде ауыл шаруашылығы дақылардын әртараптандырып, егіс, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында  бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады.

Сұхбат

PhotoRoom