Оңтүстікқазақстандық Карина Нажмеддинова «Sun оf Italy» фестиваль-байқауында бас жүлдеге ие болды

Аймақ
18.07.2016, 15:02

13697230_1014701038646235_2465444060991435039_nИталияда өткен Халықаралық «Sun оf Italy» фестиваль-байқауына Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысқан Карина Нажмеддинова бас жүлдені олжалап қайтты.

Карина бұған дейін Эстония Республикасының Таллин қаласында өткен Халықаралық ашық ІІ «Soprus» балалар мен жасөспірімдердің фестиваль-байқауына қатысып, І орынды иеленген болатын.

Sun of Italy, яғни «Италия шуағы» халықаралық жазғы фестиваль-байқауының ұйымдастырушысы Fiestalonia International (Ұлыбритания) жас әртістерді қолдау продюсерлік орталығы мен Fiestalonia Milenio испан фестиваль комитеті болып табылады. Фестиваль-байқауға қатысушылардың әрбіріне Италия өкілдігімен тіркелген CID UNESCO-ның мүшесінен атаулы димлом беріледі.

Бұл фестивальге сыныптастар мен курстастар, қолдау топтары мен жас қатысушыларды, сондай-ақ, жас қатысушылардың ата-аналарын шақыруға болады. Фестиваль регламенті Италияның әсемдігін тамашалап, Венеция мен Римді, Флоренцияны аралауға мүмкіндік береді.

Фестивальдің байқаумен байланысу тұжырымдамасы оған қатысушыларға өз мүмкіндіктерін салыстыруға зор мүмкіндік береді. Бұл басқосулардың, әсіресе, елдер арасында тәжірибе алмасуда, онда ұйымдастырылатын шеберлік сабақтары мен флешмобтарда халықаралық шараның барысын сезінуде үлесі орасан.

Сұхбат

PhotoRoom