ОҚО-да «Қала сыртындағы жол» шарасы кезінде 2 мыңға жуық ережені бұзу жағдайы тіркелді

Аймақ
19.07.2016, 23:17

13718541_1015327101916962_6890956863515593058_nОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастамасы бойынша 2016 жылдың 16 мен 17 шілде аралығында авариялардың алдын алу және аварияларды азайту мақсатында «Қала сыртындағы жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің 2 күндік жүргізген рейдтік іс-шарасы бойынша Қазақстан Республикасының жол жүру ережесін бұзған 2 мыңға жуық жағдай анықталды. Оның ішінде, ұялы телефон пайдалану бойынша 400-ге жуық, қауіпсіздік белдігін қолданбау жағдайы бойынша 600 шамасында, жылдамдықты арттыру фа13707810_1015327205250285_5205532922170680697_nктісімен 59 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, шара барысында көлік құралын мас күйінде жүргізген 28 жүргізуші ұсталып, 72 жаяу жүргіншіге ЖҚЕ-ін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Ал қарсы беттегі жолға шығып кеткені үшін 6 жүргізушінің үстінен хаттама түзілді.

Естеріңізге салайық, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, көлік құралын мас күйінде жүргізген жүргізушілерге көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айыру шарасы көзделсе, қарсы жолға шығып кеткені үшін 1 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру шарасы қарастырылған. Сондай-ақ, жылдамдықты арттыруға байланысты ережені бұзғаны үшін 10-15 АЕК аралығында (21 210 теңгеден 31 815 теңгеге дейін) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу қарастырылған.

Жалпы 6 айда құқық қорғаушылармен 18 рет кең көлемді жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылып, облыстағы жағдай біршама тұрақталған. Атап айтқанда, өңірдегі аса ауыр қылмыстар мен бұзақылық фактілері 13,5 пайызға кемісе, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайған.

Сұхбат

PhotoRoom