ОҚО-да су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жайы айтылды

Аймақ
19.07.2016, 23:19

13775626_1015303678585971_9040529280629772981_nОблыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаевтың төрағалығымен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және шығару белгіленген нысандар бойынша мәжіліс өтті. Жиынға облыстық жер инспекциясы, сәулет және қала құрылысы басқармалары мен Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан облыс бойынша 2005-2015 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 3991 шақырымды құрайтын 122 өзенге, 34 су қоймасына, 2 табиғи көлге және 1 контрреттегішіне су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізілгені айтылды. Сонымен қатар, ОҚО аумағындағы су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз жер бөлуді тоқтату мақсатында орнатылған су қорғау аймақтары мен белдеулерінің координаттарын «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ОҚ филиалының бірыңғай электрондық базасына енгізу 13775416_1015303688585970_5057016240130579599_nжұмыстары жүргізілгендігі де мәлім болды.

Басқарма тарапынан әзірленген жобалық-техникалық құжаттамаларға сәйкес, су нысанының экологиялық жағдайына тікелей әсер ететін, су қорғау аймақтары мен белдеулерінен шығару белгіленген - 669 нысан анықталғандығы талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен аталған нысандарды шығару бойынша әр аудан, қалалардағы су қорғау аймақтары мен белдеулерінде тыйым салынған және белгіленген нысандарды шығарып, заңсыз жер бөлуді тоқтату және арнайы шаруашылық режимді қадағалау мәселелері бойынша аудан, қала әкімдіктеріне және осы салаға жауапты инспекцияларға тиісті тапсырмалар берілді.

Сұхбат

PhotoRoom