ҚР Парламенті Сенатының депутаты, республикалық Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Қуаныш Айтаханов Түркістан мен Кентау қаласында жұмыс сапарымен болып, ондағы зиялыларымен және шаруалармен жүздесті.
Алдымен түркістандықтар мен кездескен Қ.Айтаханов атқарылған жұмыстары жөнінде баяндап, қолдағы бар мүмкіндіктерді толық пайдалануды, ұсақ шаруалардың біріккен жағдайда техника мен жанар-жағармай алуына көптеген жеңілдіктер барын түсіндіріп өтті. Сонан соң жер реформасына қатысты сөз қозғаған депутат аталған мәселеге қатысты жиналғандардан ұсыныс, пікірлер күтетінін жеткізді.
Кездесу барысында халық қалаулысы еліміздегі Жер Кодексіне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға байланысты ақсақалдардың, шаруалар мен кәсіпкерлердің сөзін мұқият тыңдап, ұсыныс-пікірлерін жазып алды. Комиссияның кезекті отырысында бұл ұсыныстар міндетті түрде комиссия мүшелеріне таныстырылатындығын жеткізді.
Сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қуаныш Айтаханов Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті.
Халық қалаулысы кездесуде жер мәселесі жайында құрылған комиссияның атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндап, халықты ауызбіршілікке шақырды. Кездесу барысында халық қалаулысы еліміздегі Жер Кодексіне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға байланысты ақсақалдар, шаруалар мен кәсіпкерлердің сөздерін мұқият тыңдап, ұсыныс-пікірлерін жазып алды. Комиссияның кезекті отырысында бұл ұсыныстар міндетті түрде комиссия мүшелеріне таныстырылатындығын жеткізді.