ОҚО-да күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жанармай таратылу жалғасуда

Аймақ
21.07.2016, 12:45

705be48f38bca7e4dd661b17a631aa61_XLОблыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін мемлекет тарапынан жеңілдетілген жанармаймен қамтамасыз ету мақсатында 17 оператор анықталып, бекітілді.

Операторларды айқындау бойынша арнайы комиссия құрылған. Комиссия операторларды аудандарға жанармай сақтау базалары жақын орналасуы және жанармай құю бекеттерінің бар болуын қарап, таңдау жасады.

Осылайша Арыс қаласына – «Нұр АСУ-Юг» ЖШС, Бәйдібек ауданына – «Майсс» ЖШС, Қазығұрт ауданына – «Oskar Company Oil» ЖШС және «STANDARD Oil PETROLEUM» ЖШС, Мақтарал ауданына – «ОРК САБИ» ЖШС және «Ауезов» ЖК, Ордабасы ауданына – «ИКСАН» ЖШС, Отырар ауданына – «Center Oil Corporation» ЖШС, Сайрам ауданына – «SAYRAN group» ЖШС, Сарыағаш ауданына – «Жан Ойл Продакс» ЖШС, Созақ ауданына – «Бибо & Company» ЖШС, Төлеби ауданына – «Ұлы-Орда» ЖШС, Түлкібас ауданына – «SANALI group» ЖШС, Шардара ауданына – «Жұмабек» ЖК, Түркістан қаласына – «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС, Шымкент қаласына – «Шымкент Мұнай Өнімдері» ЖШС және Кентау қаласына - «Универсал РК» ЖШС бекітілді.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 39,0 мың тонна жанармай (шілде-13,0 мың тн, тамыз-12,0 мың тн, қыркүйек-14,0 мың тн.) бөлінді. Бұл облыс қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге жетеді.

Шаруаларға жанармайға қатысты сұрақтармен мына нөмірге байланысуға болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы: 8(7252) 29-00-22; 8 701 270 48 58.

Айта кетейік, Шымкентте дизель отыны тапшы екені туралы жергілікті БАҚ өкілдері жазған болатын. Ал бұған дейін көліктер газдың жоқтығын айтып шырылдаса, қазір сұйық май отынын іздегендердің қарасы қалың. Оңтүстіктегі жанар жағармай қауымдастығының төрағасының айтуынша, бұл мәселемен бүгінде Энергетика министрлігі айналысуда. Ол халықты дүрлікпеуге шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom