Демалыстағы депутаттар кездесулер өткізді

Рейтинг
11.07.2014, 11:19

 

Парламент Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский мен Құралай Қаракен Хромтау қаласында болып, моноқала ретінде бөлінген бюджеттік қаражатты қай бағытта пайдаланып жатқанымен танысты.

Осы мақсатпен депутаттар термемодернизация бағдарламасы бойынша қайтадан жаңғырту үстінде жөнделіп жатқан көшелер, үйлер, аула мен мекемелерде болып қайтты. Құрылыс және жөнделіп жатқан объектілер инспекциясын депутаттар Әйтеке би көшесіндегі бірнеше қабатты үйден бастады. Аталған үй 60 жылдары салынған, қазір оны түгелдей жаңғырту үстінде, алайда тұрғындар бұған қуанып отырған жоқ. Мәселенің мәні мынада, бұл үйдің жертөлесі коммуналдық жекеменшікте болғандықтан, оған жеке жөндеу жүргізіледі. Үйдің шатырлары, сырт келбеті, кіреберістері әдемі болғаны не керек, егер жертөлең лас, ылғал болып қала берсе дейді тұрғындар. Бұл мәселені шешу үшін тұрғындар Мәжіліс депутаттарына баруды жөн көрді. Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский бұл мәселенің шешімін табатынына уәдесін берді.

«Жастар» тұйық көшесінің тұрғындары Мәжіліс жолдарды тегістеу туралы көмек сұрады. Шоқалақтар мен шұқырлардың зорынан, ешқандай адам түгілі көлік те жүре алмайды, көктем мен күз айларында ол жерлермен жүру тіпті қиындап кетеді. Депутат Глеб Щегельский бұл сұрақтың жауабын бірден экспресс-тәсіл арқылы шешіп берді. «Жастар» тұйық көшесінің тұрғындарына – зейнеткерлер мен жалғызбасты қарттарға ЖШС «КТП» сол мезетте 2 жүк көлік қиыршық таспен жүретін жолды тегістеп берді. 2012 жылы Хромтау қаласын моноқала деп танығаннан бері, республикалық бюджеттен 96 млн., 2013 жылы 198 млн., ал осы жылы миллиард теңгеден жоғары бөлінді.

Хромтау қаласында Мәжіліс депутаттары макорон цехы мен нан зауытында болды.

 

Ал төменгі палатаның тағы бір депутаты Николай Логутов Елбасы Жолдауындағы 7 басым бағыт бойынша кеңінен талқылады. Мемлекеттік қызмет пен Сот жүйелеріндегі артық әрекеттерді тудыратын Заңдарға түзетулер енгізілетіндігін айта келе, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық жасалатынын, кәсіппен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан аз пайыздық үстемемен несиелер берілетінін хабарлады. Елбасы Жолдауы кеңінен талқыланды. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша депутат Н. Логутов әскери қызметкерлер тарапынан өтініш-ұсыныстарды қарады.

 

Кеше Ақмола өңірінде жүр деп хабарлаған Әсима Бимендина жұмысын облыс орталығы – Көкшетау қаласында және Шортанды қаласында жалғастырды. Көкшетау қаласында депутат білім беру ұйымдарына – Жоғары техникалық мектепке, №11 орта мектебіне, «Арай» бала-бақшасына барып, одан кейін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, облыстық өлкетану мұражайында және қазақ драма театрында болды.

Мәселен, Жоғары техникалық мектепте – кәсіптік білім берудің көпбейінді инновациялық оқу орнында 2000 жуық студент оқиды, оның 1130 – бюджеттік негізде білім алады. Депутат бүгінде қоғамда аса қажетті жұмыс кәсіптері бойынша студенттерді дайындау, мектептің облыстағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастығының арқасында табысты іске асырылып келе жатқан осы мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру тұстарын атап өтті.

Шортанды қаласында Ә. Бимендина балалар мектепке дейінгі және мектеп мекемелерімен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен танысып, мәдениет мекемелерінде болып, олардың ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ депутат азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Кездесулер мен азаматтарды қабылдауларда халық көтерген мәселелер бойынша депутат түсініктер беріп, бірқатар проблемалар заң шығару қызметі барысында қаралып, зерделенетін болады.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom