Шымкентте алты айда 155 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Аймақ
21.07.2016, 15:10

mol1Шымкент қаласында  қала кәсіпорындары үй шаруашылықтарын қосқанда 155,9  млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді..

Ал шаһарда өнеркәсіп өнімдерін өндірумен  83 ірі және орта, 389 шағын, 71  қосалқы кәсіпорындар айналысады.

Сонымен қатар, осы уақыт ішінде қалада 7769,5 млн. теңгенінің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді.

tehnologia2Қаланың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 4,6 мың тонна – мал және құс етін,  24,9 мың тонна сүт өнімдерін,   68 млн. дана жұмыртқа өндірді.

Сондай-ақ, шымшаһардың негізгі қорына бағытталған инвестиция көлемі  55999,2 млн. теңгені құрады. Жыл басынан бері қалада 165 323 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,9 есеге артты.

Сұхбат

PhotoRoom