Шымкентте оқушыларды оқулықпен қамту үшін 13 баспа үйімен келісім-шарт жасалды

Аймақ
21.07.2016, 15:19

290b7a50ac92c76eb7f7a6fb12d384feШымкент қалалық білім бөлімі 2016-2017 оқу жылына 1 жəне 8 сынып оқушыларын 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз ету үшін 13 баспамен келісім-шарт жасасты.  Атап айтар болсақ, 4-сыныптың «Ағылшын тілі», 9-сыныптарға арналған «Зайырлы этика және дінтану негіздері» оқулықтары жаңа оқу маусымында беріледі.   Сонымен қатар, қосымша 1-сыныптар үшін сыйлық ретінде «Менің Отаным - Қазақстан» оқулығы алынуда. Бұл қажеттіліктер үшін 837 192 мың теңге қаржы қаралған. Оған  қаладағы 1- сыныптардағы 21 046 оқушыға, 8- сыныпта оқитын 12 753 оқушыға жалпы саны  823 519 дана оқулық сатып алу көзделген. Тапсырыс берілген оқулықтарды баспалардан «Smart jet», «Бекзат-2001» ЖШС-лері тасымалдауда.

Сұхбат

PhotoRoom