Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі билік назарында

Аймақ
22.07.2016, 02:06

13754644_1016839558432383_7712684894502257751_nОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар Темір жол вокзалы мен Шымкент әуежайында болды.

Алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Темір жол вокзалының жұмысымен танысып, қауіпсіздік шараларын көрді.

Онда ол бейнебақылау камераларының талапқа сай еместігін айтып, арнайы бейне бақылау орталығының жұмысын заман талабына сай етіп жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын алдын-алу мақсатында жолаушыларды13690628_1016839568432382_7264310796741834142_n тексеруден өткізетін станционарлық темір іздегіш құрылғыларды орнатуды, вокзалдың келбетіне кері әсерін тигізіп отырған ретсіз сауда дүңгіршектерін алып тастауды тапсырды.

Сондай-ақ, Д.Сатыбалды қаладағы халықаралық әуежайда болып, ондағы жаңадан ашылған күту залын аралап көрді. Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеңейтуді жүктеді.

Халықаралық ұйымдарға мүше болып отырған елімізге шетелдік қонақтар күнде келіп жатыр. Ал келер жылы бұйыртса ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткіземіз, оның сыртында елімізді, жерімізді көруге ағылып келетін турис­тер де көп болары анық. Осы орайда, біздің әуежайымыз бен Темір жол вокзалының талапқа сай болуы заңдылық.

Сұхбат

PhotoRoom