Таяуда Оңтүстік тұрғындары шалғай аудандарға әуе жолы арқылы қатынауы мүмкін

Аймақ
23.07.2016, 21:58

13775382_1018162434966762_5470217239090809683_nБүгін ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев канадалық "Викинг ЭЙР" компаниясының ұсынған ұшағының таныстырылымына қатысты. Шымкентке келген компания өкілдері "Twin otter 400" ұшағының 19 орынға лайықталғанын, сондай ақ, әуе кемесінің тек жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, жүк тасымалымен де айналысатынын жеткізді. Көп салалы ұшақтың су бетіне қонып, тіпті асфальт төселмеген қара жерге де қонуға мүмкіндігі бар. Егер де біздің еліміз бен Канада елінің компаниясы арасында13754287_1018162444966761_7096163262548661829_n келіссөздер жақсы нәтиже берсе, осы ұшақтардың алғашқы бағыты Шардара болмақ. Одан кейінгі бағыттар Мақтарал мен Созақ аудандары болуы мүмкін. "Викинг Эйр" компаниясы өкілінің айтуынша, олар біздің елімізбен жұмыс жасауды көптен бері жоспарлап келген екен. Сонымен бірге, Қазақстаның экномикалық әлеуеті азаматтық авиация тұрғысында өте жоғары деп есептейді. Айта өтейік, ұшақтың құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды. 

Айта кетейік, бүгінде Шардараға Шымкенттен 20 минутта жетуге мүмкiндiк туатын шағын әуежай салу жұмыстары жүруде.  Қазiр әуежайдың жобалық-сметалық құжаты дайын, тек Қазақстан авиация комитетiнiң мақұлдауы қажет.

Сұхбат

PhotoRoom