Байқау, байқау, байқау!!!

Аймақ
14.07.2014, 13:33

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымдарға байқау өткiзедi. Бұл туралы ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеді. Ол өз хабарландыруында «барлық БАҚ өкілдерін байқауға белсенді қатысуға шақырамын!» деп жазды. Ал байқауға ниетті журналист қауым ОҚО ішкі саясат басқармасының сайты арқылы барлық ережемен толық таныса алады. (http://isb.ontustik.gov.kz/index.php/kz/negizgi-bet/542-otan-memleket-ramiz)

 

Сұхбат

PhotoRoom