Шымкентте биыл 96 көше орташа жөндеуден өтпек

Аймақ
24.07.2016, 23:51

скачанные файлы (1)Шымкент қаласында жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүзеге асып жатыр.Биылдың өзінде 96 көшеге орташа жөндеу жоспарланып, қазіргі таңда құрылыс қыза түскен.

Шымкентте жыл сайын жол құрылысына қатысты жоспарлар саны артып отыр. Мәселен бір жылда жол салынса, келесі жылы көшелер, ішкі орам жолдар ағымдағы жөндеуден өткізу секілді жұмыстар рет-ретімен атқарылып келеді. Биыл Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау және жол қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін жолдар кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл ретте облыстық және жергілікті бюджеттен 86,6 шақырымды құрайтын 96 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 миллиард 935 миллион 127 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар, 41 көшеге 43,5 шақырымды құрайтын аяқжолдарды салуға 580 миллион 700 мың теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 44 көшеде орташа жөндеу және 6 көшеде аяқжол салу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Қала көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 250 миллион теңге бөлініп, қаланың 4 ауданында да осы жұмыстар рет-ретімен жүзеге асып жатыр. Мәселен, жолдардағы ойықтар тегістеліп, шұңқырлар жабылып, қайта қалпына келтірілді. Ол ақпан айында басталып, республикалық маңызы бар деп танылған «Қазығұрт» шағынауданынан бастап, «Бекжан» базарының маңынан жалғасып, Қарабұлаққа дейінгі жол жөндеуден өтті.

Сұхбат

PhotoRoom