Шымкент қаласындағы Қапал батыр көпірі қараша айында пайдалануға беріледі

Аймақ
25.07.2016, 00:09

1456210924Шымкенттегі  қайта жөндеу құрылысы 2014 жылы  басталған Қапал батыр өткелі  биыл қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Көпірдің жалпы ұзындығы 170 метрді құрайды. Ал ені бұрын 9 метр болған. Яғни, өткел 22 метрге кеңейіп отыр. Оның жанынан тағы бір өткел салу арқылы жолдың ені ұлғайды. Бұрын тар болғандықтан, көлік кептелісі көп болатын. Құрылысын «Береке-А» ЖШС жүргізуде.

Тағы бір айта кететін жайт қаладағы жүргізіліп жатқан жол құрылысында қолданылатын құрылыс материалдардың барлығы да отандық өнім. Асфальт, қиыршық тас, битум облысымызда өндіріледі. Битуммен «Газпромнефть» мекемесі қамтып отыр. Ал «Түркістанжолсервис», «Береке-А» корпорациясы, «Отаустрой», «Ситистрой», «Достықспецстрой» ЖШС-рі шикізат өндіріп, оны құрылыста қолданады. ОҚО-да 10-нан астам асфальт зауыты бар. «Шымкентдорстрой» мекемесінің де өз асфальт зауыты жұмыс істейді. Шикізат және материалдық техникалық база жағынан жақсы жасақталған.

Сұхбат

PhotoRoom