Шымкентте Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді

Аймақ
25.07.2016, 00:40

Шымкентте  алғаш рет Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді.  Бүгінде жауапты мамандар Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық футбол турниріне ( U17 ) дайындықты бастап кетті.

Шымкентте Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттық жарыстың өз деңгейінде өткізілуі өңір басшысының жіті бақылауында екенін айта кеткен жөн.

Сонымен, 7-13 тамыз аралығында өтетін халықаралық турнирге 8 команда қатысатын болады. Турнирде Қазақстаннан екі команда және Иран, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Албания мен Тәжікстаннан бір-бір командадан келеді деп күтілуде.

Еске салайық, ел Президентінің кубогі үшін соңғы тоғыз жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыс бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылып келеді.

Сұхбат

PhotoRoom