Мақтаралда биыл 8 елді мекен ауыз сумен қамтылды

Аймақ
25.07.2016, 16:52

13686670_1019163201533352_773734206170605623_nЖыл басынан бері Мақтаралда 8 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Тәулік бойы тіршілік нәрі беріліп жатқан ауылдардың ішінде С.Сейфуллин, Құлшығаш, Жамбыл елді мекендері де бар. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек 2015 жылы ауыз суды көрші ауылдардан тұтынып отырған аудандағы Андреев, Алпамыс, Достық, Сырабад, Ғ.Мұратбаев, Абай, Абат, Атамұра, Қарақыр сынды 9 елді мекеннің халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Нәтижесінде, бүгінге дейін аудандағы 24 сағат бойы таза ауыз су беріліп жатқан елді мекендердің саны 64-ке жетті.

Елді мекендерді тіршілік нәрімен қамту жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бүгінгі таңда мақталы өңір - Мырзашөлдегі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 355 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп, Нұрлы таң, Ырысты, Қ.Пернебаев, Табысты, Октябрь, Датқа, Дархан, Сайлау, Нұр, Тың дала, Көкарал, Азат елді мекендеріндегі тозығы жеткен су құбырларын жөндеу, су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мақтаралдағы жер асты су қорының мөлшерін, сапасын, жарамдылығын анықтау мақсатында 2015 жылы 26 елді мекенде геологиялық іздеу-барлау13769471_1019163198200019_7986821144224268128_n жұмыстары жүргізілсе, 2016-2017 жылдарға 19 елді мекеннің жерасты су қорына іздеу-барлау жұмыстарының ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлдіруге салалық басқармаға ұсыныс беріліп отыр.

Жалпы, халқы күн санап өсіп жатқан Мақтарал ауданындағы 174 елді мекенде ұзындығы 1885 шақырым болатын қолданыстағы су құбыры бар. Бұл су құбырларында 225 дана ауыз су ұңғысы, 165 су мұнарасы мен 12 су сақтағыш және санитарлық қорғау аймақтары халық игілігіне жұмыс істеп тұр.

Сұхбат

PhotoRoom