Шымкент қаласы әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар 

Аймақ
29.07.2016, 08:02

Кеше Шымкент әкімдігінде бірқатар жаңа тағайындаулар орын алды.  Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың ЫФАыавпбұйрыңымен Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы  болып Қасымбеков Талғат Нәбиұлы тағайындалды.

Талғат Қасымбеков 1974 жылы 26 қарашасында  Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы экономика және ститистика академиясын бітірген. Ол Қазақстан РеспубликасыҰлттықұланыныңқатарында борышын өтеген.  содан кейін Алматыда «Агропромналадка» электрослесарі  болып бастады. 1994-2002 жылдары жеке меншік және ұлттық компанияларда жұмыс істеді. Содан кейін Оңтүстік Қазақстан облысыныңәкімдігінде еңбек етті. Соңғы тағайындауға дейін ол тұрғынүй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы, бөлім басшысының орынбасарықызметін атқарды.  

 Сондай-ақ, осы күні Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің   басшысы болып Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы тағайындалды.

ыфаваБауыржан Қуанышбеков 1960 жылы 7 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысыныңТүлкібас  ауданында дүниеге келген. 1988 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Ол еңбек жолын Шымкент өндірістік бірлестігінде машинисті, содан кейін «Қызыл Жұлдыз» шаруа қожалығында тракторист, Шымкент «Фосфор» өнеркәсіп бірлестігінде  жұмысшы болып істеген. 1982-1993 жылы комсомол комитеттерінде, Халық депутаттары Кеңесінде әр түрлі лауазымды жұмыстар істеген. 1993 жылы «Елім» фондында  бас директор, Облыстық жұмыспен қамтамасыз ету басқармасы бастығы сынды лауазымды қызметттер атқарған.  1999 жылдан 2014 жылға дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысыныңәкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. Облыс әкімшілігінің көлік, коммуникация және туризм департаменті директорының орынбасары, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімібасшысының орынбасары болған. 2014 жылдың маусым айынан бастап, осы тағайындауға дейін аталған бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Ал қала әкімінің кеңесшісі-баспасөз қызметінің жетекшісі болып Жұмақұлова Әйгерім Әбдіохапқызы тағайындалды.

1ba61a81-ec29-43d1-881d-c3e0d972b837Әйгерім Жұмақұлова 1991 жылы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттықуниверситетін бітірген. "Халықаралық қатынастар" факультетін аяқтаған, мамандығы—«Аймақтану». Алғаш еңбек жолын 2011 жылдыңқаңтарында «СА-Фарм» ЖШС-нің стратегиялық жобалау бөлімініңбасшысы болып бастаған. 2012 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің коммуникациялар орталығы республикалық мемлекеттік мекемесініңмониторинг қызметінің жетекші эксперті болып еңбек еткен. 2014 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мониторинг қызметінің бас эксперті қызметін атқарған. Ал, 2015 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жедел талдау және мониторинг қызметінің бас эксперті болған. Осы жылдыңқараша айындаҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесініңкоммуникациялар қызметінің бас эксперті болып қызмет істеген. Қызметтік бабына сай, Астана қаласынан ауысып келіп, 2015 жылдыңжелтоқсан айынан 2016 жылдың ақпан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы сынды лауазымды қызмет атқарған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы әкімінің бұйрығымен Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom