Бұл туралы Жамбыл облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИжДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Сатыбалдин Меирхан мәлім етті.
Оның айтуынша, еліміздегі «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шара жоспары аясында техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша облыстың бизнес-қауымы мен мемлекеттік органдардың 95-тен аса өкілдеріне оқу-семинарлар өткізіліп, сертификаттар табысталған. Ал «Сапа менеджменті және техникалық реттеу, метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және көтеру бойынша металлургия, агрохимия және азы-түлік саласы бойынша жалпы 122 адамға оқу семинарлар өткізіліп, сертификаттар берілген. Сондай-ақ, 11 кәсіпорында техникалық реттеу сұрақтары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, консультативті көмектер көрсетілген.
«Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттарды алдын ала көру мүмкіндігімен Интернет-магазин жұмыс істейді. Қазіргі таңда тіркелген қолданушылардың саны 3036 құрайды. Сонымен қатар, «ҚазСтИн» РМК - «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының 20 бап 2 тармағына сәйкес, стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың ресми басылымдарын тарататын жалғыз өңір болып табылады»,-деді спикер.