ОҚО ескекшілері Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Аймақ
01.08.2016, 18:19

235Оңтүстіктің ескекшілері тағы да ерледі. Бұл жолы ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар екілік каноэда 1000 метрге жарысып, алтыннан алқа тақты.

Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Әлем чемпионатында осылайша, Оңтүстіктің қоржынына екі бірдей медаль салынды. Оның бірі осы алтын болса, екіншісі – қола медальді жеке каноэда 200 метрге ескек есуде Сергей Емельянов алды.

Әлем чеспионатындағы екінші орынды румындықтар еншілесе, украиналық спортшылар алғашқы үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ, санаулы күндерден соң басталатын Жазғы олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден өңіріміздің ғана емес, еліміздің намысын Александр Емельянов қорғайтын болады.

Александр Емельянов 1984 жылдың 1 қаңтарында Шымкент қаласында дүниеге келген. Байдарка мен каноэда ескек есуді ол Ольга Подойниковадан үйренген. Бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие А.Емельянов "төрттік" қайықта ескек ескен ойындардың жеңімпазы. Ал Олимпиада ойындарына жолдаманы ол үшотандасымен бір қайықта Әлем чемпионатында жеңіп алды.

Сұхбат

PhotoRoom