Француздың белгілі суретшісі Шымқаланы аралады

Аймақ
01.08.2016, 18:24

08b9eb63-d1a2-4720-84a1-22b0238e0455Қазақстандағы Франция елшілігінің және Француз Альянсының (Alliance Française) шақыруымен танымал француз мүсінші, суретші және дизайнер LAMYNE Шымкентке келді.

Франциялық өнер майталманы қазақ халқының бай мәдениеті мен өмір салтын, сондай-ақ еліміздің бүгінгі дамуымен танысты.

Сапар барысында LAMYNE қала әкімі Ғабидолла Абдірахымовпен кездесті. Екі жақты пікірлесу барысында француз суретшісі өз еліне қайтып барған соң, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін отандастарына сөзсіз шырайлы Шымкент шаһарына саяхаттап келуге үгіттейтіндігін атап өтті.

LAMYNE Қазақстан әлемдік саясатта 100-ден астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан бейбіт даму жолындағы ел екендігін әлем танып келе жатқандығын тілге тиек етті.

Сұхбат

PhotoRoom