«Денсаулық» пойызы Оңтүстік жұртшылығына тегін медициналық көмек көрсетуде

Аймақ
01.08.2016, 18:32

«Денсаулық» пойызы Оңтүстіктің шалғай ауылдарында медициналық қызмет көрсетуде. 21 шілдеден басталған бұл акция бүгін Ленгір қаласындағы Тоғыс станцасында жалғасты,-деп хабарлайды otyrar.kz. Таңғы сағат тоғыздан жұмысын бастаған дәрігерлерге кезек күткен халықтың қатары қалың. Басым бөлігі кардиолог, офтольмолог сынды мамандардың қабылдауында болды.

vlcsnap-2016-08-01-12h31m14s134

Бір тәуліктің ішінде денсаулық пойызы екі жүз адамға дейін қабылдауда. Айта өтейік, теміржол бойындағы медицина қызметі ертең Түлкібас ауданындағы Састөбе станциаясына жол тартады. Яғни, екенші және төртінші тамыз аралығында жергілікті тұрғындарға таңғы сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін ақысыз әлеуметтік көмек көрсетіледі.

vlcsnap-2016-08-01-12h55m28s205

Жанар Шағырбаева, «Денсаулық» пойызының бас дәрігері: » Біздің пойызда 15 маман бар. Олар — кардиолог, офтольмолог, стаматолог, терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог сынды дәрігерлер. Сондай-ақ, пойызда қажетті медициналық жабдықтар орнатылған. Мәселен, ЭЛФК және УЗИ, флюраграфия аппараты бар. Сондай-ақ, арнайы қан талдамаларын жүргізу үшін лаборатория жұмыс істейді.»

Естеріңізге салсақ, ҚР ІІМ ТЖК және «КТЖ» ҰК» АҚ бірлескен жобасы 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның әлеуметтік маңызы бар, ол сапалы медициналық қызметтің жалпыға қолжетімділігі міндеттерін шешуде мемлекетке жәрдем етуге бағытталған. Жобаның арқасында, «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш кеңестік-диагностикалық пойыз құрылды. Оларды дәрігерлер кабинеттері, толыққанды диагностикалық корпусы, тіркеу бөлімі, қызметкерлердің тамақтану және демалу орны бар тұтас «дөңгелекті емхана» деп атауға болады.

Сұхбат

PhotoRoom