Жамбыл облысында диеталық макарон өнімдері өндірілуде

Аймақ
01.08.2016, 20:27

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында орналасқан «Ақтоған» шаруа қожалығының мамандары макарон өнімдерін әзірлеудің қыр-сырымен таныстырды, - деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Өңірімізде бірқатар ірі, әрі қуатты шаруа қожалықтары істерін дөңгелетіп отыр. Соның бірі украиндық және итальяндық ұн өнімдерін әзірлейтін өндірістік желісі бар «Ақтоған» шаруа қожалығы. Бұл цехтан шығатын тауарлар Қазақстанның ішкі нарығындағы айналымда бар. Шаруашылықтың жалпы аумағы 10 мың 600 гектар жерді алып жатыр. Биылғы жылы 6 мың гектар жерге бидай дақылдары егілген. Және бұл шаруашылықтың негізгі ісі – егіншілік.

- Біздің цех макарон өнімдернің 25 түрін шығарады. Тәулігіне украиндық желі 10 тонна дайын өнім береді, ал итальяндық – бес  тонна. Аталған кәсіпорында жалпы саны 25 адам қызмет етеді және олардың орташа айлық жалақысы 60 мың теңгені құрайды. Өнім Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізіледі. Өнімдер көтерме бағалармен сатылымға шығарылады, олардың бір келісі – 125 теңге, ал бес келілік қаптама – 525 теңгеге бағаланған. Кәсіпорын жылдың аяғында бешбармақтың салмасын әзірлеуді жоспарлап отыр, - дейді жас маман Шамиль Өзбеков.

Құрамы, пішін, қаптама – кез-келген макарон өнімін өндірушілердің ерекше рецептісі. Жұқа бүйірлі және қалың бүйірлі  ұн өнімдерінің айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өндіруші Шамиль Өзбеков Жамбыл облысының нарығында диеталық макаронның бұрыннан бар екенін айтып қалды. Белгілі  болғандай, диеталық макарон өнімдерін екінші сұрыптағы шикізатты өндіру арқылы алады екен. Олар тек түстері арқылы ажыратылады және диеталық макарон өнімдеріне балауыз азырақ мөлшерде қосылады. Бұл өнімдер артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға пайдалы.

Комбинат макарон, жарма ұнтағы және ұн сынды өнімдерді өндіреді.

«Ақтоған» шаруа қожалығы бірқатар жәрмеңкелер мен азық-түлік фестивальдеріне қатысқан.

Сұхбат

PhotoRoom