Арыстағы көпке танымал серiктестiктердiң бiрi – «Агрофирма «Жаңа Ақдала». Компания басшысы Т.Әжiбековтiң айтуынша, серiктестiк биыл 300 гектар алқапқа қызанақ егiптi. Мамандардың айтуынша, тамшылатып суару әдiсiнiң арқасында әр гектардан 50 тонна қызанақ алу жоспарланған. Мұнан бөлек серiктестiк 170 гектар жерге бау өсiрген. Қайсыбiр жылдары тоқтап қалған томат зауытының да жұмысы қайта жанданған. Ендi жиылған өнiм көкөнiс және жемiс өндеу зауытында өңделiп, тұтынушыға жол тартады. Жалпы, серiктестiк 120 адамды орташа 50 мың теңге жалақымен тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Маусымдық жұмыстар кезiнде бұл көрсеткiш 180 адамға дейiн жетедi екен.
Мамандар баудан жиналған өнімнен алғаш рет алма езбесін өндіру ісі қолға алатынын айтуда. Шаруалардың сөзінше, биыл баудан алынатын өнімнің көлемі мол болмақ. Бағбандар 300 тонна алма жинауды көздеп отыр. Оның басым бөлігі аудандағы қызанақ өңдеу зауытына жіберіліп, алма езбесі дайындалады.
Қуаныш Омар, директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары: «Биыл алма езбесін дайындау үшін толық дайынбыз деп айта аламыз. Өйткені былтыр, 2015 жылы бұл үшін зауытта тәжірбие жұмыстарын жүргіздік. Бұл үшін зауытта барлық қажетті аппаратымыз бар.»
Мұнда алма езбесінен бөлек басқа да өңделген көкөніс, жеміс өнімдері бар. Олар өңірдегі сауда орындарына шығарыла бастаған. Серіктестік басшысы отандық өнімдерді тапсырыс бойынша шет елдерге де эскпорттамақ.