Шардарада балабақшалар үш тілде білім беруде

Аймақ
08.08.2016, 14:34

Елбасы айтқан тілдердің үштұғырлығы жобасын жүзеге асыруға шардаралықтар да атсалысуда. Мұндағы балабақша қызметкерлері бүлдіршіндерге саналы тәрбие берумен қатар, шет тілдерін де шебер үйретуде. Ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру ісі де назардан тыс қалмаған. Балғындардың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына атсалысу - біздің мақсатымыз, - дейді жергілікті мамандар.

 «Таңшолпан» - Шардарадағы озат балабақша. Заманауи білім берудің барлық жағдайы жасалған. Тәрбие беру ісінде қабылданған мемлекеттік стандарттардың орындалуы – шебер қолда.  Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді. Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамытуда «Триз» технологиясы пайдаланылып, тілі кемтар балалармен жұмыс жүргізу ісі де мықтап қолға алынған. Нәтиже жаман емес.

«Балапан» да - Елбасы саясатын жүзеге асыруға ынталы мектепке дейінгі мекеме. Ғимарат 1972 жылы қолданысқа берілсе де, бала жанына керектің бәрі бар. Бүлдіршіндердің ой өрісін дамытатын ойын құралдары, әдістемелік кітаптар, соңғы үлгідегі жиһаз, таза төсек–орын, ойын алаңшаларымен қатмылып, құнарлы тамақ береді. Көп ұлтты балабақшадан биыл 1-сынып табалдырығын 86 бүлдіршін аттауға дайын. Мемлекет қолдауы арқасында жұмысын үйлестірген балабақша ұжымы жас ұрпақты халқымыздың ұлттық тәрбие негіздеріне ұйытып отыр.

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші – білім мен ғылымда. Сондықтан еліміздегі жас ұрпақты мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. «Оңтайландыру» науқанының салдарынан балабақшаның не екенін білмей өскен бұрынғы толқынға қарағанда қазіргі буынның мүмкіндіктері мол. Бұл – Ел тәуелсіздігінің арқасы,-дейді shymkenttv.kz.

Сұхбат

PhotoRoom