ОҚО-да жас футболшылар Елбасы кубогін сарапқа салады

Аймақ
08.08.2016, 14:45

Шымкентте тұңғыш рет Елбасы кубогі сарапқа салынатын жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жарыста 8 мемлекеттен келген футболшылар бақ сынамақ.

Спорттық іс-шараға – Албания, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан, Қырғызстан,  Крузейро-Қазақстан,  Қазақстан футбол командалары қатысады.

Александр Кузнецов, «Ю-17» Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы

Бұл халықаралық турнир 9 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жарыс өтетін «Биік» спорт кешені турнирді жоғары дәрежеде өткізуге қолайлы. Біздің Қазақстандық құрама 4-шілдеден бері осында жарысқа дайындалып жатыр. ЕНді тек жақсы ойнап, жеңіп шығу ғана қалды.

Жарысқа арнайы келген мемлекеттер арасынан жақындығын танытып, алғашқылардың бірі болып келген команда - Ресей құрамасы. Бас жаттықтырушының айтуынша, команда бұл ойынға аяқасты жиналған. Десе де жас ойыншылардың жеңістен үміті зор.

Давид Хмилидзе, Ресей құрамасының бас бапкері

Біз Краснодар өңірі құрамасынын келдік.ҚР Президенті кубогына турнир болатынын ести сала бірден команда жинауға кірістік. 15-16 жас аралығында 18 футболшы келді. Бұл ойынға жан-жақтан  ең мықтылар келетінін білеміз. Дегенмен, жеңістен үмітіміз бар. Ең болмаса, жақсы тәжірибе жинап қайтамыз.

Ойын тартысты өрбімек. Өйткені, қатысушылар осал емес. Жүлде қоры да қомақты. 3-ші орынға 3 мың АҚШ доллары, 2-ші орынға 5 мың АҚШ доллары және турнирдің жеңімпазы 7 мың АҚШ долларына ие болады. Халықаралық турнир тамыздың 8-і мен 12-сі күндері аралығында «Тассай» шағым ауданындағы «БИІК» спорт кешенінде өтеді. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты тамыздың 8-і күні сағат 17:00-де дәл осы «БИІК» спорт кешенінде бастау алады,-деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Сұхбат

PhotoRoom