Жамбыл облысында теміржолшылар күні аталып өтті

Аймақ
08.08.2016, 15:21

Жамбыл облысында теміржолшылар күні аталып өтті. Мерекелік жиынға облыс жəне қала тұрғындары, көлік прокуратурасы, желілік полиция басшылары, еңбек ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zhambyl News тілшісі.

Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде тойланатын бұл сала мамандарының мерекесі Жамбыл облысында биыл да өз деңгейінде өтті. Қазақстан Республикасының мəдени қайраткері, ақын, жыршы жəне сазгер Бейбіт Шошабаевтың арнауымен, яки жыр шашуымен басталған мерекелік жиынның жалғасы кəсіби мереке иелерін құттықтау рəсімімен жалғасты.

Көлік саласы аса үлкен қажырлылық пен еңбекті қажет етеді. Өңірлерді бір-бірімен экономикалық байланысын нығайтып тұратын бұл сала елдің қарқынды дамуына сеп болады. "Жамбыл жол" бөлімшесі биылғы жылы да кəсіби мерекені үлкен табыспен қарсы алып отыр. Мəселен, 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында ел аумағы бойынша 704 контейнерлі пойыз, оның ішінде транзиттік қатынаста 679 пойыз жүріп өткен. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ол 13%-ға өскен. Бұл дегеніміз - өңірдегі аталған саланың даму үдерісінде екендігінің айғағы.

Экономикалық жəне əлеуметтік маңызы зор көлік саласының өңірдегі мерекелік шарасы Жамбыл облыстық филармония əншілерінің концертімен жалғасты

Сұхбат

PhotoRoom