Шардарада жаңа оқу жылына дайындық қызу жүруде

Аймақ
09.08.2016, 00:59

Шардара.-Фото-с-сайта-massaget.kz_Шардара ауданындағы №16 колледж ұжымы жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуде. Кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлауды алдыңғы орынға қойған орта оқу орны жатақханасын күрделі жөндеуден өткізіп, студентке жаңаша жағдай жасап отыр.

Шардара қаласындағы №16 кәсіптік колледждің жарты ғасырға жуық тарихы бар. Оқытушылар базасы мығым оқу орны заман үдерісінен қалмай,  әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуде. Еңбек нарығына, өндіріс сұранысына жауап беретін, білімді маман даярлау – қашанда өзекті. «Орта білім алуға шақырған оқу орны  сәйкесінше студентке барлық жағдайды жасауы тиіс», - деп біледі басшылық. Осы орайда колледж ұжымы өз ортасында бәсекеге қабілетті болу үшін жатақханаларын күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа оқу жылына сақадай сай етіп отыр.

Жатақхананың құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Алғашқы жылы бірінші және екінші қабаттардың жылу жүйелері жөнделді. Шатыры ауыстырылды. Колледж биыл шәкірттеріне 84, ал, баспанасыз ұстаздарына 20 бөлмені дайындап отыр. Бұл жұмыс үшін 214 млн. теңге жұмсалды.  Мердігер жылы ұяны мерзімінен бұрын тапсырып отыр.

Заманауи үлгіде жасақталған оқу ордасының жатақханасында студенттердің алаңсыз оқып, сапалы білім алуларына толықтай жағдай жасалған. Жатын бөлмелерден бастап, жуыну, сабақ оқу, теледидар көру бөлмелері мен бос уақытта шығармашылықпен, спортпен айналысуға да мүмкіндіктер бар. Игі істер - жаңа жаһандық нақты ахуалда кәсіпқой маман көмегімен қиындықтан шығудың қамы.

Сұхбат

PhotoRoom