Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Ерман Оңтүстік Қзақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.
Бүгін Шымкент қаласында парламентші «Адия» тұрғын үй кешенінде болды. Мұнда 150 бір бөлмелі, 110 екі бөлмелі, 235 үш бөлмелі пәтер бар. Кешен «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында қолданысқа беру көзделген. Құрылысшылар атап өткендей, барлық жұмыстар талаптарға сай және уақытында орындалып жатыр.
Сайлаушылармен кездесу Сайрам ауданында жалғасын тапты. Манкент ауылдық округінде депутат Манкент Агро Ет кооперативінде болып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен әңгімелесті.
Нұротандық депутат М.Мәметова атындағы №66 мектепте болды. Оқу ордасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған және жаңа оқу жылында ашылады. Мұндай сайлаушылардың мектепке қатысты және өзге де өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында келді. Парламентке Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат «Қоғамдық келісім» КММ-інде өткен жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестерінің мүшелерімен және облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Кездесуде этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, осы күні С.Абдрахманов облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен жүздесіп, Қазақстандық біртектілікті дамыту жайында өзара пікір алмасты.