Білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын

Аймақ
10.08.2016, 10:40

Түркістан қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына сақадай сай. Шаһар аумағында бас-аяғы 43 білім ұясы бар. Бүгінде 3 білім нысанында құрылыс жүргізілуде. 30 мектеп ағымдағы жөндеуден өтуде. Қазына қаражаты арқасында ажары кірген білім ошақтары туралы тілші әңгімесі.

Кеңес заманында негізі  қаланған Абай мектебінде 1000-ға тарта оқушы білім алады. Оқу ордасын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қазына қаражатынан 73 млн. 700 мың теңге бөлінген. Негізгі жұмысты мердігер «Стройжолсервис» ЖШС-і атқарып жатыр. Бүгінде істің  80 пайызы бітті.

Ораз Қарынбаев,  «СТРОЙЖОЛСЕРВИС» ЖШС-нің директоры

Құдай қаласа, осы айдың аяғына дейін бітіреміз. Әктендік, сырладық, электро едендер 100 пайызға ауыстырылды.

Ал, №18 Жұмабек Еділбаев мектебінің құрылысы үшін  жергілікті бюджеттен 73 млн. теңге бөлінген. Ол қаржыға әктеу, сырлау жұмыстарымен қатар, жаңа технологиялармен қамту ісі атқарылады. Игі бастамаға жергілікті тұрғындардың  алғысы шексіз.

Абзал Төлемісов,  «Бәйтерек-2006» ЖШС-нің бас құрылысшысы

Ішкі жұмыстар, едендер ауыстырыды. Электр жүйесі мен өрт жүйесі 100 пайыз орнатылды. Түркістан 2020 бвағдарламасы бойынша 16 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жалпы бұл жерде 40 шақты адам жұмыспен қамтылып отыр.

Соңғы 6 жылда Түркістанда 6 жаңа мектеп ел игілігене берілді. биылдың өзінде 4 балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан. Бұл аймақта білім саласына ерекше көңіл бөлінгенін білдіреді.

Сәкен Әлібеков, Түркістан қаласының тұрғыны

Жасалып жатқан жұмыстарға ризамыз. Көңіліміз толады. Мына мердігерлер де жақсы жұмыс істеп жатыр.

Осылайша түркістандық мектептер жаңа оқу жылына сақадай сай. Бүгінде мектеп табалдырығын аттайтын өрендердің тізімі жасалып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар анықталуда. Оларға арнайы көмек беріліп, балғындардың білім жүйесінен алшақтамауына барлық жағдай қарастырылуда. Бұл туралы  shymkenttv.kz сайты жазады.

Сұхбат

PhotoRoom