Арыста Индустрияландыру картасы аясында 2 жоба жүзеге асырылмақ

Аймақ
10.08.2016, 10:45

скачанные файлыМемлекеттік бағдарламалар аясында индустрияны дамыту үшін Арыс қаласында көптеген жоспарлар жасалынуда. Алдағы күндері қалада Индустрияландыру картасы аясында құны 448,0 млн. теңгелік 2 жоба іске асырылып, тұрақты 75 жаңа жұмыс орындары ашылады және құрылыс жұмыстарына 15 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылады деп күтілуде,-деп хабарлайды rgmedia.kz сайты. Сондай-ақ,  «Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд. теңге болатын жылына  1,8 млн. дана жұмыртқа шығаратын фабрика жобасын іске асыру жоспарланған. Жобаның іске асырылу мерзімі 2015-2017 жылдар аралығы, қазіргі таңда жобалық құжаттары дайындалып, топографиялық және геодезиялық жұмыстары жүргізілуде. Жетпіс адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.  Ал, «KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС–нің құны 11,0 млрд. теңге болатын баламалы электр энергиясын өндіру жобасын жүзеге асыру арқылы 20-30 адамды жұмыспен қамту көзделген. Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 бағыт бойынша 4 жобаға әр түрлі қолдаулар көрсетілетін болады. Қаладағы индустриялды аймақтың инфрақұрылымы сметалық құнымен алғанда 744,2 млн. теңгені құрайды. Өндірістік алаңды іске қосу арқылы балмұздақ, құрама жем, минералды сусын, жиһаз шығаратын, балық өңдейтін цехтар, ұн шығаратын диірмен, сауда-логистикалық орталығына техникалық негіздеме бойынша арнайы орындар бөліп, құны 1885,0 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Индустриялды аймақта іске асатын жобалардың есебінен 1035 адам  жаңа жұмыс орындарымен қамтылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom