«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Мақтарал ауданы аумағында 50-ге тарта тарихи ескерткіш, стелла, монументтер қорғауға алынған,-деп жазады rgmedia.kz.
Жалпы тәуелсіздік алған жылдардан бері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында біраз іс-шаралар атқарылуда.
Кітап қорын толықтыру бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында республика көлемінде жарыққа шыққан «Бабалар сөзі», «Әдеби жәдігерлер», «Қазақстан тарихы этникалық зерттеулері», «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы», «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы», «Қазыналы Оңтүстік» т.б. атты көптомдық кітаптарынан ауданымызға 2673 кітап қабылданып алынған.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи рухани мұраларды насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Кітап көрмелері: «Мәдени мұра – мәңгі мирас», «Мәдени мұра – ғасырлар куәсі», «Мәдени мұра – ұрпаққа өнеге», «Өнерлі елдің өрісі кең», «Ұлт мәдениеті – ұрпаққа мұра», «Өнермен өрнектелген өмірлер», «Көне дәуір сыр шертеді», «Көнеден жеткен жәдігерлер» және т.б. Әдеби – сазды кештер, сайыстар, портрет кештері, әдеби - қонақжай кештері, қолөнер шеберлермен кездесу кеші, қонақ кәде кеші, викториналар, пікір алмасу кештері: «Он саусақтан өнер тамған», «Өнерлі өріс кең», «Қалың қазына – халықта», «Мәдени мұра – асыл қазына», «Ата салты – асыл мұра», «Өнер және замандастарымыздың рухани дүниесі», «Қазақтың күй өнері», «Қолөнер көнермейді» және т.б.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.