Төлеби ауданында 2016 жылдың 4 айында жаңадан ашылған 7 заңды тұлға және 81 жеке кәсіпкерлікте 128 жаңа жұмыс орыны ашылды. (2015 жылдың тиісті кезеңінде-175 жаңа жұмыс орыны). “Жұмыспен қамту орталығының” жолдамасымен аудан бойынша 2016 жылдың 01 сәуіріне бизнес саласында 80 адам жұмысқа орыналасты.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылға инфрақұрылым тартуға ұсынылатын бірнеше жобалармен құжаттарын дайындау жұмыстар жүргізілуде («Газпромнефть-Битум Казахстан» ЖШС битум зауытына су құбырын тарту, «Компания Фуд Мастер-Шымкент» ЖШС кәріз жүйсен тарту, «Акбар-Агро» ЖШС газ, су құбырын тарту, «Ленгер қыш» ЖШС газ, су құбырын тарту, т.б.). Жалпы жобалардын құны 300,0 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, бірінші бағыттағы банк несиелерін субсидиялау бойынша жалпы құны 400,0 млн тг құрайтын 5 жоба дайындалу барысында.
Несиелендіру саласында кіші және орта бизнесті дамыту үшін аудан бойынша жалпы қаржыландыру көздерінен («Ырыс» ЖШС, «КазМикроФинанс» ЖШС, «Төлеби» несие серіктестігі, «Арнур Кредит» ЖШС, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қоры) 2016 жылдың басынан 2127 жеке азаматтарға 750,4 млн теңгеге несие берілді (2015 ж. тиісті кезеңінде 1430 жеке азаматтарға 660,5 млн тг берілген).
Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 6 млрд 704,6 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрап отыр.