ОҚО-да «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 207 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Аймақ
10.08.2016, 11:01

20120222112459Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде ел аумағында тұрғын үй құрылысы қанатын кеңге жайды. Екпінді сала еңсе тіктеп, ілкімді істер ілгеріледі. Қыз-қыз қайнаған құрылыстың бүгінгідей беталысы алыстағы ауылдың ажарын ашып, қаланың кескін-келбетін көріктендіре түсті. Сәтті жоба ретінде мемлекеттік бағдарламалар тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсімін қамтамасыз етті. Елдегі тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар тек соңғы он жылда 10 есеге ұлғайды.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Тәуелсіздік алған жылдары (1991-2015 ж.ж.) барлығы 8 миллион 827 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Яғни 173 мың пәтер. Оның ішінде 72 мың пәтер жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады. Сонымен қатар, биыл «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 469,7 мың шаршы метр болатын 207 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы rgmedia.kz сайты жазады.  Ал жыл соңына дейін осы үйлердің 156-сы пайдалануға беріліп, 3 992 тұрғын жаңа пәтерге ие болмақ.

Жалпы алғанда, тек өткен соңғы 10 жылда еліміз бойынша 30 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050 стратегиясы»:қалыптасқан мемлекеттің жаңа экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымындағы қаулысымен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты - елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау.

«Бәйтерек» холдингі іске асыратын бағдарламаның басты бағыттарының бірі – қолжетімді тұрғын үй құрылысы. Аталған бағдарлама шеңберінде Холдингтің алдында 1,5 млн. шаршы метр  жалдамалы тұрғын үй немесе 29 мың пәтер салу міндеті тұр. 2015 жылы Холдинг 401 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйді немесе 7 мың пәтерді  пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom