ОҚО-да екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Аймақ
10.08.2016, 23:27

13963078_1030492553733750_5743277971922826601_oБүгін Оңтүстік Қазақстан облысының екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мақтарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі болып Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов тағайындалды.

Ғалым Ыбрайұлы 1961 жылы 10 қарашада туылған, білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген құс фабрикасында жұмысшы болып бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді

1999 жылы Шымкент қалалық әкімшілігі коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымында бастаған. 2001-2007 жылдары Шымкент қалалық № 2 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Түркістан, Шымкент қалалары әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен. 2007-2013 жылдары аралығы «Бадам Тас», «Kazakhstan Connecting System», «OLYMPIA KAZAHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Сонымен қатар осы күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Сарыағаш аудандық13876343_1030580267058312_5787154466393179320_n мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сарыағаш ауданының әкімі қызметіне Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуәлиев тағайындалды. Ол 1968 жылы туылған, білімі жоғары, ғалым агроном, заңгер.Еңбек жолын 1986 жылы Түлкібас ауданы Киров атындағы колхозының «Алтын арай» жастар комсомол бригадасының шопаны ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Түлкібас ауданы әкімі аппараты аймақтық даму және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған. 2001-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті Түлкібас ауданының өкілі-бас маманы және төрағасы лауазымын атқарды. 2004-2010 жылдары аралығы ҚР АШМ Түлкібас аудандық аумақтық басқармасының бастығы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, инспекция бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келген.

Сарыағаш ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Б.Парманов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды делінген баспасөз хабарламасында.

Сұхбат

PhotoRoom