Кентауда оттекті өңдеп шығару цехы ашылмақ

Аймақ
10.08.2016, 23:49

13879407_1030574540392218_4595237778237438991_nБүгінгі таңда кеншілер қаласы Кентаудың индустриалды аймағында тағы бір жобаның іргетасы қалануда.

Бүгінде бұл аймаққа жеке кәсіпкер Ермек Әуезов «Оттекті өңдеп шығаруды ұйымдастыру» жобасы бойынша жаңа цехтың құрылысын бастады. Жоба құны 45 млн. болатын өндіріс орнында жылына 25500 дана оттек баллонын толтыру көзделуде.

Жаңа цехқа бөлінген жер телімі 0,25 га. Қаражат мәселесі екінші деңгейлі банк «Сбербанк» АҚ арқылы шешілуде.

2017 жылы пайдалануға берілетін цех толық қуаттылыққа шығып, іске қосылғанда жергілікті 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде аумағы 25 гектарды құрайтын Кентау қаласының индустриалды аймағында мұнан бөлек, 4 жоба бар. Оның екеуі трансформаторға қажетті құрылғыларды шығарумен және асфальт-бетон қоспасын өндірумен айналысса, қалған екі жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар іске қосылғанда Кентауда трансформатор бөлшектерін шығару және бентонит ұнтағын өндіру зауыттары іске қосылатын болады.

Мұнда «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен инфрақұрылым тарту жұмыстары толығымен аяқталған. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған кентаулық кәсіпкерлер Елбасына алғысын айтуда. Монақала бағдарламасына енген бұл қалашық күннен күнге көркейіп, дамып келеді. Біз оның куәсі болудамыз.

Сұхбат

PhotoRoom