«Жұмыспен қамту- 2020 -жол картасы» бағдарламасы халықтың әл ауқатының артуына септігін тигізуде. Төлеби ауданында мемлекеттік қолдаудың пайдасын көргендер бүгінде үлкен кәсіптің иелері. Кәсіпкерлік саласын ғана емес, ауыл шаруашылығын да қоса дамытып отыр.
Солардың бірі төлебилік Лесбек Омаров. Ол «Жұмыспен қамту-2020-жол картасы» бағдарламасының шарапатын көріп отырған кәсіпкердің бірі. Өзі - ІІ топтағы мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, үш млн. теңге көлемінде несие алып, ірі қараның басын көбейтіп отыр. Өндірген өнімі – ағарғанын төңірегіне сатады. Азамат - ауылдағы екі қолға бір күрек таппай жүрген ағайынын да жұмыспен қамтып отыр.
Бағдарламаның шарапатын көріп отырған Лесбек Омаров бүгінде шағын несиенің арқасында балаларын бағып отыр.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Төлеби ауданында кәсіпкерлікті қолдау аясында 157 азаматқа шағын несие беру жоспарланды. Оның ішінде 123 азаматтың әрқайсысы үш млн. теңгеден қаражат алды. Бүгінде 48 кәсіпкер өз ісін кеңейтіп, ауыл шаруашылығын дамытуда.
Аталған бағдарлама Сізге жаңа жұмыс орындарын құрумен, айналым қаражатын (сауда саласын қоспағанда) толтырумен байланысты ауыл шаруашылығы саласында бизнесті ашу немесе кеңейту үшін қаржыландыруды алуға көмек көрсетеді. Бағдарлама олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, қалалық әкімшілік бағыныстылықтағы аумақтарда орналасқан кенттерде іске асырылады.