Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы дихандар осы жылы 6752 га жерге мақта егіп, 16 880 тонна өнім аламыз, – деп, жоспарлап отыр. Егін алқабында өткен басқосуда аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбековке шаруалар осыны айтты.
Ордабасы – мақта шаруашылығы дамыған аймақ. 32 300 гектар жері -суармалы. Өткен жылы мұнда 4400 гектар жерге мақта дақылы егіліп, бір гектардан 23,5 центнердей ақ алтын алынған. Жалпы 10 352 тонна өнім алынып, әр тоннасын орта есеппен 100 мың теңгеден өткізді. Ал, биыл жиын-терім науқанына 82 дана техника сақадай-сай. Олардың ішінде жаңа үлгідегі 11 дана «Джон дир» мақта комбайны бар.
Мынау – Төрткүл ауыл округінде орналасқан мақта зауыты. 13 000 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, тағы мақта қабылдауға арналған жеті бірдей пункт жұмыс жасауда.
Жоспарға сай, ауданда биыл 55 жаңа техника алу керек болатын. Шаруалар соның 47-сін түгендеген. Оның жетеуі мақта шаруашылығына қажетті болса, төртеуі – культиватор, үшеуі – ұрық сепкіш. Мамандар енді осы құрылғылардың арқасында межеленген жоспарды деркезінде орындаймыз, – деп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, еліміз бойынша мақта егумен айналысатын жалғыз аймақ ол- Оңтүстік Қазақстан.