Кентауда жаңа оқу жылында 6 мектеп пайдалануға беріледі

Аймақ
11.08.2016, 21:45

13701210_1021223937993945_8568730214515625383_o

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болып, көш басында Кентау тұр. 11 жылдық білімнің іргесі берік екенін дәлелдейтін кейінгі буынды моноқала билігі биыл ерекше шаттыққа бөлемек. Өңірдегі 6 мектептің оқушылары алғашқы қоңырау үнін жаңа ғимаратта естімек.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 369 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Ал, облыстық қазынадан 205 млн. теңгедей бөлінген. Жергілікті атқамінерлер құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын жеткізді,-деп жазады shymkenttv.kz.

№5 Абай атындағы білім ошағында қазір құрылыс қарқынды жүзеге асуда. Бас-аяғы 62 жұмысшы еңбек етуде. Оның 12-сі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында құрылысқа келген. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Жуалы Строй Бизнес»ЖШС-гі өз міндетіне алған.

Жауаптылар жаңа мектептердің құрылыс сапасына жіті ден қойған. Мектеп тамыз айының соңына қарай пайдалауға берілуі тиіс. Қазірдің өзінде басты ғимараттың шатыры жабылып, қосалқы кабинеттер мен бастауыш сыныптарының сылақ жұмыстары аяқталған.

Бүгінде кеншілер қаласы болып аталып кеткен бұл –қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші артып, қала келбеті кіріп келеді. Монақала бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қыруар бөл өз кезегінде Кентауға шырай береді.

Сұхбат

PhotoRoom