Жамбыл облысында аймақтық «Қазақстанның үздік тауары – 2016» көрме – байқауы өтті, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тауар өндірушілер «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бетон және цементтің бірнеше түрлерін, газбетондық блоктар және металдық шатыр жапқыштар, химиялық және құрылыс өнімдерін ұсынды. Аймақтың 37 кәсіпкері «Халық тұтынатын үздік тауар» аталымы бойынша сайысқа түсті. Олар аяқ киім, тігін бұйымдары, кілем, жиһаз, баспа тауарлары, ұлттық киімдер, естелік заттар және суреттер өндіреді.
«Үздік азық – түлік тауары» аталымы бойынша тауар өндірушілер ет – сүт, жеміс – көкөніс, ара шаруашылығы өнімдерін, өсімдік майларын, кондитерлік және нан өнімдерін ұсынды.
Шараға қатысуға 72 тауар өндірушіден өтініш келіп түсті.
Сараптау тобының шешімімен «Үздік өндірістік тауар» аталымы бойынша радиатор, бетон және асфалть өндіретін «Арайстроймаркет» ЖШС жеңімпаз болып табылды, ал екінші орынды құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс қатырмаларын және гипс тастарын шығаратын «Жамбылгипс» ЖШС иеленді, үшінші орын битум, асфальт, тағы түрлі қоспаларды өндіретін «Katsa» ЖШС-ға бұйырды.
«Халық тұтынатын үздік тауар» аталымының көш басына былғары және былғары аяқ киімін шығаратын «Таразкожобувь» ЖШС жайғасты, ал екінші және үшінші орындарда полиграфиялық тауарлар өндіретін «Рысбаева және К», тон, жеңсіз күртешелер және шәркей шығаратын «Қадырбаева» жеке кәсіпкерлігі.
«Үздік азық – түлік тауары» аталымы бойынша қымыз өндіретін «Заң» ЖШС, бал және ара шаруашылығы өнімдерін өндіретін «Ромащенко» ЖК, мақсары майын, тұқымын, күнжарасын шығаратын «KazirAgro» ерекшеленді.
Байқау жеңімпаздары «Қазақстанның үздік тауары - 2016» байқауында Жамбыл облысының атынан сынға түседі.