Отырарда биоэтанол өндірісін қолға алу көзделуде

Аймақ
12.08.2016, 22:35

13934736_1031884923594513_3454385117004996517_nОңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында шетелдік кәсіпкерлер  биоэтанол өндірісін қолға алуға қызығушылық танытуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі шикізаты өсімдіктен алынатын биоэтанол өндірісі үшін аталған аудан таптырмайтын қолайлы аймақ болып отыр. Өйткені, бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары көбейіп келеді.

Кеңестік кезеңде 20 мың гектар алқапқа жүгері егіп, одан 50 мың тонна дән өткізген топырағы құнарлы отырарлықтар бүгінгі таңда жаңа технологиялармен және ғылымды ұштастыра отырып жүгері өндірісін қайта қолға алуда.

Аптаның басында француздық экономика ісінің докторы, профессор Жан-Поль Ж.Дельхольм мен елімізге белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты С.Сейітжанов ауданымызда болып, тартылатын13939471_1031883476927991_8751290068135210641_n инвестиция мөлшері, өндірістік база мен өнімді өткізу жайы турасында әңгіме қозғады.

Жаңа ғасыр жаңа технологияларды талап етіп, өркениет пен ғылым егіз ұғымға айналған бүгінгі күні қаншама ғылыми жаңалықтар дүниеге келіп жатыр. Қоршаған ортаны ластамау үшін әлемдік маңызға ие биоэтанол өндірісі Отырарда қолға алынса, ауданда экологиялық таза өнімнің бренді қалыптаспақ.

Жүгерінің отаны саналатын өңір шаруалары өткен жылы 35 мың тонна жүгері жинаған. Жалпы, аудан бойынша 400-ден астам диқан жүгері егіп, нәпәқасын айырып отыр. Сонымен қатар мұнда 10 мың тонна дән қабылдауға қауқарлы  «Отырар-дән» жүгерi кептiру және сақтау зауыты жұмыс істеп келеді.

Сұхбат

PhotoRoom