Шымкентте қалалық жергілікті полиция мен қала әкімдігі тұрғындармен Skype-конференция өткізеді

Аймақ
12.08.2016, 22:49

1361454905_applian-replay-telecorderƏр дүйсенбі сайын қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан жəне аудандардың ЖПҚ басшылары (кестеге сəйкес) сіздердің бейнеқоңырауларыңызға жауап береді. Бұған қоса, сіздер апта бойы Shymkent mps-ке қоңырау соғып, бейнесауалдарыңызды қалдыра аласыздар. Учаскелік полиция инспекторлары мен кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың қызметіне қатысты шағым немесе ұсыныстарыңыз болса, сіз Skype арқылы қоңырау шалуыңыз қажет. Бейнеконференция жазып алынады, жəне əрбір түскен шағымға ЖПҚ қызметкерлері міндетті түрде ден қояды.

Аталған қызмет ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап өз жұмысын бастайды.

Сұхбат

PhotoRoom