Тәуелсіздікпен тел жетілген ұл-қыздар посткеңестік дәуірде тәрбиеленген ілкі буынға қарағанда, тәуекелшіл десек жарасар. Шымкенттегі «ПродЕнГрупп-2050» зауытының иесі қылшылдаған жас болғанына қарамастан, тауарын отандық нарықта мойындату үшін бар қиындықты өткерді.
Жуырда сапалы тауарымен отандық өнім өндірушілердің республикалық «Алтын сапа» байқауына қатыспақшы. 2 жыл ішінде ысылғаны сол, тез дайындалатын ыстық тағамдар әзірлеуге көшуді көздеп отыр.
«ПродЕнГруп-2050» ЖШС-і. Жылқы және сиыр етін бұқтырып, консервіленген тамақ өнімін шығарады. Шағын зауытта қазір 100-ге тарта жұмысшы еңбекпен қамтылған. Жалақылары көңілге қонымды. Ұйымшыл ұжым бүгінде ортақ іске жұмылдырылған. Өндіріс көлемін арттыру мақсатында жаңа құрылғылар орнатуда.
Жәнібек Қанатхан, «Прод&Груп – 2050» ЖШС-і директорының орынбасары
2015 жылдың ақпан айында ашылдық. Сол кезден бастап өнімді шығара бастадық. Қазіргі таңға дейін жұмыс жалғасуда. Үлкен сұраныс болмаса да, өзіміздің рынокқа сәйкес.
Серіктестікте тәулігіне 4800 құты// бұқтырылған ет өндіреді. Сапасы мен бағасы үйлесімді. Шығарылатын өнім түрі 8-ге жеткен. Ұзақ мерзімге сақтауға жарайтын өнім көршілес Өзбекстан мен Ресей мемлекеттеріне экспортталуда. Жуырда «Халал өнім» сертификатын алды.
Жәнібек Қанатхан, «Прод&Груп – 2050» ЖШС-і директорының орынбасары
Өнімді бірінші жергілікті рынокқа жеткіземіз. Кейін Алматы, Талдықорған, Жезқазған, Тараз, Қызылорда қалаларына жөнелтеміз. Ресейге де біраз өнім шығардық. Қазір сол жақтың ресми өкілдеріменжұмыс жасап жатырмыз.
Алдағы уақытта шағын кәсіпкерлік субъектісінің ауқымы кеңейіп, сәйкесінше жұмыс күші де молаймақ. Өйткені, осы жылдың соңына қарай мемлекеттік қолдау арқасында тез дайындалатын тағамдар әзірлеу ісі қолға алынады. Өзіміздің өнім сапаға кепілдік береді,-деп жазады shymkenttv.kz сайты.